Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Солтүстік-батыс циклон ҚР батыс өңірлері арқылы жылжып, жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ және жаяу бұрқасын алып келеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың шығысында мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел жоғары жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында – жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батыс жартысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз – көктайғақ, облыстың оңтүстігінде – тұман.

Шығыс Қазақстан облысының батысында-жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады.

Павлодар облысының оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болып, түнде облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ болжанады.
02 желтоқсан 2021 ж. 86 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области