Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада тұңғыш рет «Модельдік пәтер жобасы» іске қосылды

Қызылордада тұңғыш рет «Модельдік пәтер жобасы» іске қосылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы оңалту орталығында «Модельдік пәтер жобасы» іске қосылды. Әлеуметтік тұрмыстық бейімделуіне жәрдемдесетін бұл жоба республикада алғаш болып жүзеге асты. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдукаримов мәлімдеді.

«Модельдік пәтер» жобасы мүгедектігі бар адамдарды оңалту мақсатында ашылды. Онда әлеуметтік тұрмыстық, медициналық, психологиялық бағытта қызмет көрсетіледі. Биылдан бастап мүгедектігі бар адамдар өз таңдауы арқылы техникалық оңалту құралдары мен қажетті қызмет түрлерін әлеуметтік қызметтер порталының көмегімен алуда, – деді Мейрамбек Жақсылықұлы.

Бүгінде облыс көлемінде 23 277 әлеуметтік оңалтуды қажет ететін жандардың 87,2 пайызы 8 бағыт бойынша тиісті көмек алған. Айта кетейік, биыл «Өзіңе сене баста» атты мүгедектігі бар кәсіпкерлерге арналған көрме байқауы өткен болатын. Нәтижесінде, жеңімпаз кәсіп иелері бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өңірде мүгедектігі бар 30 мыңнан аса адам бар болса, оның бес мыңға жуығы әртүрлі кәсіпте еңбек етеді. Сондай-ақ, биылғы жылы 258 әлеуметтік инфрақұрылым нысанына толық бейімдеу жүргізіліп, республикалық «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» енгізілді. Шаһарда әлеуметтік, психологиялық кеңес беру мақсатында «Тең қоғам орталығы» ашылып, қызмет көрсетуде.
03 желтоқсан 2021 ж. 81 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области