Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның солтүстігі, шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жаңбыр мен қар жауады, солтүстікте, шығыста көктайғақ және жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста күндіз шаңды дауыл болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшейюі күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандары мен тау бөктерлерінде тұман, күндіз оңтүстік-батысында, солтүтүстік-шығысында шаңды дауыл, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдіңдің күші 15-23 м/с жетеді.

Павлодар облысының жолдарында көктайғақ, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде солтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының жолдарында көктайғақ, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, түнде батысында қатты жел соғады.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау, Маңғыстау, Ақмола, облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.
04 желтоқсан 2021 ж. 75 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области