Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі жарияланды

Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71%-і – ерлер, 51,29%-і әйелдер.
Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97%-і – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72%-і – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18%-ке жеткен.

Халықтың 59,05%-і, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде халық санағы үшінші рет өткізілді. 1 қыркүйекте басталған биылғы санақтың ерекшелігі – шарада алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылады.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-і өткенін, жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, санақтың қысқаша қорытындысы 2020 жылдың шілдесінде шығады жоспарланған. 2023 жылдың бірінші тоқсанында санақтың толық қорытындысын жарияланады.
08 желтоқсан 2021 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области