Алмагүл Божанова мен Сейітқали Алшынбаев «Парасат» орденімен марапатталды
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» атты салтанатты шара өтті.
Шара барасында «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова мен «Нұрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сейітқали Алшынбаев мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін«Парасат» орденімен марапатталды.
Айта кетейік, аталған шараға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Тұңғыш Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Нұртөре Жүсіп, Ақмарал Әлназарова қатысты.