Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрлан Қылышбаев: Зейнетақы жинақтарын алудағы жағдай бағдарламаға деген сенімді төмендетеді

Нұрлан Қылышбаев: Зейнетақы жинақтарын алудағы жағдай бағдарламаға деген сенімді төмендетеді

Kyzylorda-news.kz. Сенатор Нұрлан Қылышбаев Премьер-Министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында азаматтардың зейнетақы жинақтарын пайдалануына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Н. Қылышбаев Мемлекет басшысы зейнетақы есеп-шотынан артық жинағын алуына мүмкіндік берілетін азаматтар санатын біртіндеп ұлғайтуды тапсырғанын еске салды. Сенатор қазіргі таңда шектік сомаларды қайта есептеу тақырыбы қоғамда талқыланып жатқанын айта келіп, ол өз жинағын пайдалана алатын адамдар санын азаятынын атап өтті.

«Енді өз жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатын БЖЗҚ салымшыларының саны күрт қысқаруы мүмкін. Егер 2021 жылы олардың саны 700 мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматы болса, 2022 жылғы шекті қайта есептеуге байланысты бұл сан түбегейлі өзгереді. Жеткілікті шектегі жасы келген қатысушылар үшін 63%-дан ең жас қатысушылар үшін 82%-ға дейін өседі деп күтілуде. Қалыптасқан жағдай осы бағдарламаға деген сенімге нұқсан келтіреді», – деді депутат Нұрлан Қылышбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Сенатор осыған байланысты жылдық инфляция деңгейінен аспайтын шекті ұлғайту мүмкіндігін қарастыра отырып, Министрлер кабинетінің басшысынан ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруды сұрады.
09 желтоқсан 2021 ж. 88 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области