Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл шағын және орта бизнеске жеңілдік жасалды

Биыл шағын және орта бизнеске жеңілдік жасалды

Kyzylorda-news.kz. Биыл 553 шағын және орта бизнес субъектісінің несие төлеу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл жайында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайлов депутаттық сауалға жауабында айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігі шағын және орта бизнес өкілдерінің қарызын кейінгі қалдыру туралы шешім шығарды. Ол бойынша жеке кәсіпкерлерге биыл 1 сәуір мен 30 маусым аралығында алған несиесін өтеуді кейнгі шегеру мүмкіндігі берілді.

«Берешекті төлеу кәсіпкердің таңдауы бойынша 30 күннен 90 күнге дейінгі аралықты қамтыды. Қарыз алушыға қатысты талап-арыз жұмысын жүргізу мен мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттігі туралы хабарлама тарату, сондай-ақ борышкерден комиссия алу тоқтатылды», – деді Әлихан Смайлов.

Осы орайда екінші деңгейлі банктерге сала өкілдерінен барлығы 603 өтінім түскен. Нәтижесінде 553 шағын және орта бизнес субъектісінің 9,7 млрд теңге қарызды төлеу мерзімі ұзартылған. Ал микроқаржылық ұйымдарға 131 өтінім түсті. Соның 95-і жалпы сомасы 105 млн теңгеден асатын несиені кейін төлеу құқына ие болды.
14 желтоқсан 2021 ж. 210 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области