Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Офицердің анасы» медалі табысталды

Қызылордада «Офицердің анасы» медалі табысталды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қызылорда облысының Полиция департаментінде полиция қызметкерлерінің аналарына «Офицердің анасы» медалі тапсырылды.

Салтанатты рәсімде аналарға «Офицердің анасы» медалін Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Дәурен Ибраев табыстады.

«Құрметті аналар, шын жүректен марапаттарыңызбен құттықтаймын және ұл-қыздарыңызды, нағыз офицер мен Отан сүйгіш, Қазақстанның лайықты азаматтарын тәрбиелегендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге ұзақ өмір, бақыт және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әр үйде береке, шаттық пен жылулық болсын»,- деді Дәурен Ибраев.

Бүгінгі іс – шараның мақсаты – офицер мәртебесін көтеру және лайықты ұл-қыз тәрбиелеп отырған аналарға алғыс білдіру. Марапат ұл-қыздары полиция қатарында лайықты қызмет атқаратын аналарға беріледі.

Медальда анасына гүл сыйлап тұрған офицер және «Офицердің анасы» деген жазу бейнеленген.
15 желтоқсан 2021 ж. 373 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области