Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі

Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметтегі ашықтықпен мамандардың кәсіби тұрғыда рет-ретімен қызметтік өсуін қамтамасыз ету мақсатында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен белгіленген кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында 2015 жылдың соңында қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңашылдығы мемлекеттік қызмет жүйесі «мансаптық» модельге өтті.

Бұрынғы қажетті тәжірибесіз басшы лауазымға тағайындалу мүмкіндігін қарастыратын позициялық модельге қарағанда, қазіргі таңда мемлекеттік қызметке қабылдану төменгі лауазымдардан бастап жүзеге асырылуда.

Заң талаптарына сәйкес конкурстық негізде төменгі лауазымнан жоғарғы лауазымға тек кемінде бір жыл еңбек өтілі бар болған жағдайда, кезең-кезеңмен мансаптық өсу қағидаты заңды түрде бекітілді. Қызметте жүрген мемлекеттік қызметшілердің жоғарғы лауазымдарға орналасу басымдылығын көздейтін ішкі және жалпы конкурстар институты енгізілді.

Қазіргі таңда, Қызылорда облысында меритократия қағидасы тек қана теория жүзінде емес, нақты ереже ретінде қалыптасып келеді. Оның айқын дәлелі, елімізде мемлекеттік қызметтің реформасы бастау алған алғашқы 2016 жылы бұл көрсеткіш небәрі 59,6 пайызды ғана құраған болса, бұл көрсеткіш 2017 жылы 65,7%, 2018 жылы 73,1%, 2019 жылы 72,2%, 2020 жылы 75,2%-ды құрап, ішкі конкурстардың нәтижесімен жоғары лауазымдарға тағайындалған қызметшілердің үлесі жылдан-жылға артып келеді.

Ал, биылғы 9 айда аймағымыздағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда өткізілген ішкі конкурстардың нәтижесімен жоғары лауазымдарға тағайындалған қызметшілердің үлесі 77,1 пайызды құрап отыр.

Міне осылайша Сыр өңірінде меритократия қағидаты тек сөз ғана емес іс жүзінде жүзеге асырылып келеді

Бақытжан НҰРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы
15 желтоқсан 2021 ж. 202 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области