Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жеті жасар бала бассейнге батып, көз жұмды

Қызылордада жеті жасар бала бассейнге батып, көз жұмды

Kyzylorda-news.kz.  Қайғылы жағдай облыстық спорт басқармасына қарасты Евразия спорт кешенінде болған,- деп хабарлайды  Экспресс К.


Жеті жасар бала спорт кешеніне анасымен бірге келіпті. Алайда кешен қызметкерлері марқұм болған жеткіншектің анасын бассейнге кіргізбеген. Баланы жаттықтырушылар алып қалыпты. Бірақ бала суға батып жатқанда, жаттықтырушы да, инструкторлар да сол жерде болған. Алайда неліктен дер кезінде көмек көрсете алмағандары түсініксіз.

Спорт кешені директорының айтуынша, бассейнді бақылауға арналған камералар да оқыс оқиға кезінде жұмыс істеп тұрған. Қазір осы іске байланысты құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.

Біздің өзіміз де комиссия құрып, соны тексеріп жатырмыз. Ішкі істер басқармасы да тергеуге алды. Жаттықтырушылар сол жерде болуы тиіс еді. Қызметкерлер заңның алдында жауап береді,- дейді спорт кешенінің директоры.
20 желтоқсан 2021 ж. 127 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области