Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Аркан» құрылғысымен 30 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

«Аркан» құрылғысымен 30 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жыл басынан бері «Аркан» құрылғысымен 30 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды.

Қызылорда қаласында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына жалпы саны 24 дана құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құрылғылары жұмыс атқаруда. Құрылғылардың негізгі мақсаты жол қауіпсіздігін сақтап, жол көлік оқиғасын азайту болып саналады.

Есепті мерзімде «Аркан» құрылғылармен 32579 құқық бұзушылық анықталып, 339 млн 402 мың 377 теңге айыппұл салынса, оның 268 млн 932 мың 517 теңгесі өндірілді.

«Құрылғылардың тиімділігін ескере отырып қаламызда алдағы уақытта құрылғыларды көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда»,-деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.
24 желтоқсан 2021 ж. 136 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области