Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Хакасияда қамауға алынған Назгүл Кенжетай босатылды

Хакасияда қамауға алынған Назгүл Кенжетай босатылды

Kyzylorda-news.kz. Ресейдің апелляциялық комиссия GZT түрік басылымының ұсталған редакторлары қазақстандық Назгүл Кенжетай мен Эмин Карачакты қамаудан босату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы заңгер Абзал Құспан мәлімдеді.

«Қазір ғана әріптестерден хабар алдым. Бүгін апелляциялық алқа Назгүл Кенжетай мен Түркиялық Эмин Карачакты босату туралы шешім қабылдады. ҚР Сыртқы істер министрлігіне алғыс айтамыз», – деді заңгер.

Журналистің ағасы Досай Кенжетай да Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

«Менің қарындасым Назгүл Кенжетай Ресейде орынсыз айыпталды. Бүгін екі мемлекеттің дипломатиялық бастамалары нәтижесінде сот шешімін өзгертті. Журналистер мен заңгерлерге үлкен алғыс айтамын», – деп қосты Кенжетай.

Айта кетейік, бұған дейін Хакасияда экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркиядан келген Назгүл Кенжетай мен Эмин Карачакты қамауда ұстап отырғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.
24 желтоқсан 2021 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области