Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қайсарды» кім жаттықтырады?

«Қайсарды» кім жаттықтырады?

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық футбол федерациясының вице президенті Болат Көшербаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл қасқырлардың бас бапкерін таныстырды. Қызылордалық «Қайсарды» жаңа маусымда жергілікті маман Сұлтан Әбілдаев жаттықтырады.

Сұлтан Әбілдаев 1970 жылы 21 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кәсіби футболшы. Алаңда жартылай қорғаушы қызметін атқарған. Мансабының басым бөлігін «Қайсар» футбол кубында өткізген.

Сұлтан Әбілдаев «Қайсар» футбол клубының тарихында ең көп ойын өткізген футболшы. Қазақстан Ұлттық Құрамасының намысын қорғаған.

2005 жылы мансабын аяқтаған соң, бапкерлік қызметке ден қояды. Алдымен футбол орталығында шәкірт тәрбиелеумен айналысса, 2009 жылы «Қайсар» командасын жаттықтырады.

2010 жылы бас бапкердің көмекшісі қызметін абыроймен атқарды.

2016 жылға дейін клубта түрлі бағытта қызмет атқарып, 2016 жылы «Қайсар» футбол клубына бас бапкер қызметіне тағайындалып, команданы Бірінші лигадан Премьер-лигаға шығарады. Сол жылы Бірінші лига арасында ең үздік бапкер атағына ие болды.

Айта кетейік, жаңа маусымда «Қайсар» футбол клубына премьер-лига жолдамасын жеңіп алу мақсаты қойылды.
27 желтоқсан 2021 ж. 120 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области