ҰБТ тапсыру құны екі есе қымбаттайды
Kyzylorda-news.kz. Келесі жылдан бастап ақылы бөлімге түсетіндер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру құны екі есе қымбаттайды.
Тестілеуді мектеп бітірушілер 2022 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында тапсыра алады. Ол үшін 5640 теңге төлеуі қажет. Он жылдан бері 2242 теңге болған еді.
Бірақ бұл жоғары оқу орнының ақылы бөліміне тапсыратын түлектер үшін ғана. Ал мемлекеттік грант конкурсының тағдырын шешетін сынақ жылдағы дәстүр бойынша тегін болып қала бермек, деп хабарлады КТК.
Ұлтық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев тестілеу бағасының қымбаттауын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деп түсіндірді.
Тест сұрақтарының сапасын арттыру мақсатында оны құрастырушылардың жалақысы көтерілетінін мәлімдеді. Түскен қаражаттың тағы бір бөлігі тестілеу пункттерін жалға алуға, компьютер, бейнебақылау камера сияқты керек жабдықтарға жұмсалады дейді.