«ОРАЛ-ТАСҚАЛА» ЖОЛЫ ЖАБЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысында «Орал-Тасқала-РФ» шекарасы жолы жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, күшті бұрқасынға байланысты жергілікті сағат 17.00-ден бастап осындай шешім қабылданған. Аталмыш жолдың қашан ашылатыны белгісіз. Облыстың басқа жолдары ашық. Еске сала кетейік, бұдан бұрын 5 наурызда сағат 00.30-да көктайғаққа байланысты Атырау-Орал тас жолы жабылған болатын.