ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ОҢ ШЕШІМІ
Президенттің бес бастамасы халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Оның ішінде бірінші кезекте әрбір отбасының баспаналы болуына жаңа мүмкіндіктер беру, күнкөрісі төмен, жалақысы мардымсыз жұмыс¬шылардың еңбекақысын салық мөлшерін төмендету арқылы көбейту, жастардың, оның ішінде орта мектепті бітіруші түлектерді жоғары біліммен барынша қамту, ол үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері үшін жатақханалар салу, жұмыссыз және өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың жаппай кәсіпкерлікпен айналысуы үшін шағын несие беруді жандандыру, орталық және солтүстік өңірлердегі елді мекендерді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру сияқты әлеуметтік маңызы бар ең өзекті мәселелерді қамтып отыр.
Ол үшін Үкімет пен Ұлттық Банкке әлеуметтік бастамаларды іске асырудың тетік-терін қарастыру тапсырылды.
Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақ¬ханадағы жағдайын жақсартуды мақсат еткен үшінші бастама білім саласы үшін аса маңызды болып отыр.
Алдағы 2018-2019 оқу жылынан бастап мектеп бітіруші түлектердің жоғары білім алуына мүмкіндік беретін қосымша 20 мың грант бөлінетін болды. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге бағытталған.
Сонымен бірге, Елбасы жоғары оқу орын¬дары мен колледждерде білім алып жатқан сту¬денттерді жатақханамен қамтамасыз етуді мемлекеттік-жекеменшік серіктестік ар-қылы шешуді, 2022 жыл соңына дейін 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды, соның негізінде жастардың жатақханаға деген тап¬шылығын біржола шешуді нақты тапсырды.
Біздің өңірімізде аймақ басшысының қолдауымен соңғы жылдары колледждерде білім алып жатқан студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражаттар бөлініп, апаттық жағдайдағы жатақханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, 2016-2017 жылдары Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің – 50, Шиелі индустриалды-аграрлы колледжінің – 240 және Жалағаш индустриалды-аграрлы колледжінің 50 орындық жатақханалары пайдалануға берілді. Сонымен бірге, осы жылы С.Ысқақов атын¬дағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің (200 орындық жатақханасы бар) 600 орындық жаңа кешен салу мемлекеттік- жекеменшік серіктестік аясында жүргізілетін болады.
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің – 100, Арал индустриалды-техникалық коллед¬жінің 50 орындық жатақханалары күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға беріледі.
Жалпы, әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған бес бастаманы елдің бірлігі мен ынтымағының арқасында жүзеге асырып, биік белестерді бағындырып, табыстарға қол жеткізетінімізге сенім мол.
Бекжан ЕСЕНБАЕВ,
облыстық білім басқармасының
бөлім басшысы