ОҚУШЫЛАР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАСЫНДА БАС ҚОСТЫ
№3 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылауға арналған жоғарғы сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Қоғамда үлкен серпіліс туындап, жастардың білім алуына деген құлшынысы арта түсті. Материалдық-техникалық тұрғыда білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушыларының да жауапкершілігі артып сабақтарын жақсы оқуларының маңызы зор. Сондықтан ел сенімін ақтап әрбір түлек қашанда Отан игілігі жолында уақытпен санаспай жұмыс жүргізуі керек.
Түлектер «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша сауалнама алынып сараптамадан өтті. «Жастар мен қазіргі қоғам арасындағы байланыс барысындағы әлеументтік қолдаулар мен жатақханалардың салынуы өскелең ұрпақ бойына елге деген сенімді одан әрі арттыра түседі. Жастардың жан-жақты білім алуына қатысты Елбасының қосымша 20 мың грант бөлуі де мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыты болып табылады.
Бұл нағыз халықтың қамын ойлайтын жоба болғандықтан үкімет тарапынан жан-жақты жұмыстар атқарылуының басталуы қоғам тарапынан белсенділікті арттыра түсуде.
Сыр өңірінде де қаламыздың сол жағалауында студенттер қалашығы мен жоғары оқу орындарының салынып жатқандағы мемлекетіміздегі аймақтардың дамуына үлкен көңіл бөлінетіндігін көрсетеді.