Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ


Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Үкімет басшысы өңірде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысатыны күтілуде. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.
  Жұмыс сапары барысында бірқатар өндірістік нысандарға бару жоспарланып отыр. ҚР Премьер-Министріне индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы жер», агроөнеркәсіптік кешенді дамыту секілді мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу қарқыны туралы баяндалады, сондай-ақ Индустрия 4.0 элементтерін енгізу нәтижелері ұсынылады.
  Кестедегі негізгі іс-шаралар - бизнес өкілдерімен, облыстың жұмыс активімен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен және студент жастармен кездесулер болады.
Атап айтқанда, «Жабай ата» ЖШС және «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС агроөнеркәсіптік кәсіпорындарын аралау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен АӨК мемлекеттік бағдарламасын және Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» төртінші әлеуметтік бастамасын іске асыру мәселелерін талқылайды.
  Облыстық клиникалық аурухананың жаңартылған инфрақұрылымымен танысқаннан кейін өтетін «дөңгелек үстелде» өңірдің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және саланы қайта реттеу шаралары, МЖӘ және жеке қызметтер секторын дамыту мәселелері егжей-тегжейлі қаралатыны күтілуде.
  Шымкенттің ЖОО-лары мен колледждерінің басшылығы мен студенттері, студенттік ұйымдардың көшбасшылары ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студенттердің жатақханада тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жаңа құралдарды талқылайды.
Сапар соңында облыстың жұмыс активтері мен бизнес өкілдерімен кездесу өтеді. Күн тәртібінде: өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері, оның ішінде инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0, цифрландыру, жұмыс орындарын ашу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу мәселелері.
28 наурыз 2018 ж. 678 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области