Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДҮЙСЕНБІ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ

ДҮЙСЕНБІ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ

2 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі.
  Синоптиктердің болжауынша, еліміздің тек оңтүстік-шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
  Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел күшейіп бұрқасын соғады.
  Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с-ге жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетіп, шаңды дауыл соғады. Атырау облысында күндіз жел күшейіп, 15-20 м/с болады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетіп, жаяу бұрқасын соғады.



02 сәуір 2018 ж. 614 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области