Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙ ЕЛШІСІ АЛЕКСЕЙ БОРОДАВКИНМЕН КЕЗДЕСТІ

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙ ЕЛШІСІ АЛЕКСЕЙ БОРОДАВКИНМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы РФ Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді.
  Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты және интеграциялық өзара іс-қимыл, өңіраралық және шекара бойындағы ынтымақтастық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
  Бақытжан Сағынтаев Алексей Бородавкинді Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жоғары және жауапты лауазымда табыстар мен жетістіктер тіледі және бұл тағайындаудың Қазақстан–Ресей ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Анықтама: Ресей Қазақстанның сауда серіктестері арасында көш бастап тұр (ҚР сыртқы сауда айналымында 20,6%). 2017 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы $16 млрд құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 25,6%-ке өскен. 2018 жылдың қаңтар–ақпан айларында тауар айналымы $2,4 млрд құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ($2,3 млрд) 4,7%-ке жоғары көрсеткіш. Қазақстаннан Ресейге экспорт 2018 жылдың қаңтар–ақпан айларында 6,6%-ке өсіп, $737,3 млн құрады. РФ-тен ҚР-ға импорт 2018 жылдың қаңтар–ақпан айларында 3,9% артып, $1,7 млрд құрады.
20 сәуір 2018 ж. 641 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области