КІТАП ОҚЫҒАН АДАМ – ТАБЫСТЫ АДАМ

Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Қуанышқызы және қала мектептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдері, кітапханашылары қатысты.
Семинар жоспары үш бөлімнен құралды: ұйымдастыру бөлімі, Негізгі бөлім, қорытынды бөлім. Ұйымдастыру бөлімінде Айнұр Қуанышқызы семинарды ашты, негізгі бөлімінде «Кітап оқыған адам - табысты адам» тақырыбында кітаптар көрмесімен №172 орта мектептің кітапханашысы М.Жаналиева мектебінің оқушыларымен таныстырды, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында №187 мектеп оқушылары 10 бағытын, «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында №140 мектебінің кітапхана меңгерушісі Ш.Байжанова баяндама оқыды. Рухани жаңғырудың алғашқы жемісі – 18 жаңа оқулық бойынша №101 мектеп-лицей оқушылары таныстырылым жасады. Мобильді кітапхана жұмысы бойынша №187 мектептің 9 сынып оқушысы Меңғали Аружан QR код арқылы жаңа технологиямен кітап оқу жолдарын көрсетті. Қорытынды бөлімінде аймақтық кітапханашылар практикалық жұмыстың жүргізілуі барысында түсінік беріп, мұғалімдермен топтық жұмыстар жүргізілді.
Іс – шара соңында келген мұғалімдер «Еркін микрофон» арқылы кері байланыс білдіріп, алдағы уақытта бүгінгі семинардан алынған әдіс – тәсілдер, мәліметтер өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, алғыстарын білдірді.