Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛТТЫҚ БАНК «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСАТЫН БАНКТЕР ТІЗІМІН ЖАСАЙДЫ

ҰЛТТЫҚ БАНК «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСАТЫН БАНКТЕР ТІЗІМІН ЖАСАЙДЫ

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін қажетті талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  «Азаматтар «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін не істеу керек? Біріншіден, сатып алынатын баспананы таңдау керек. Осы орайда тұрғын үйдің шекті құны белгіленеді. Мысалы, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау секілді қалалар үшін баспананың ең жоғары құны 25 млн теңгені құрайды, ал өзге өңірлерге ең жоғары бағаны 15 млн теңге сомасында белгілеу көзделіп отыр», - деді ҰБ басшысы.
  Оның сөзіне қарағанда, бастапқы кезеңде тек жаңа тұрғын үйді сатып алу өтінімдері қарастырылады.
«Екіншіден, адамдар тиісті өтініммен және құжаттармен банкке келуі тиіс. Біз таяуда қажетті қаржылық көрсеткіштері мен дамыған филиалдық желісі әрі қызмет көрсету жағдайы бар банктерді айқындаймыз. Сонымен қатар қажет құжаттардың базалық тізімін нақтылаймыз», - деді Ақышев.
Үшіншіден, баспана алуға ниетті адамда несиеге қызмет көрсету үшін қажетті табыстылық деңгейі болуы керек.
  «Төртіншіден, тұрғын үй алатын адамның меншігінде баспанасы болмауы тиіс. Ұлттық банк аталған ережелерді түсіндіру үшін барлық қажетті шараларды іске асырып, халықпен белсенді жұмысқа әзір», - деп түйді ол.


04 мамыр 2018 ж. 692 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области