Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР ӨҢІРІ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА-АРАЛ ТЕҢІЗІ БАҒЫТЫ

СЫР ӨҢІРІ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА-АРАЛ ТЕҢІЗІ БАҒЫТЫ

Қызылорда – Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті – Өркендеу ауылы – Қамбаш көлі – Бегім ана мұнарасы – Ұзынтам мұнарасы – Көкарал платинасы – Арал-асар қонысы – Кердері кесенесі – Барсакелмес қорығы.
  Жанкент қалашығы – ІХ-ХІ ғасырларда өмір сүрген. Оғыз мемлекетінің ордасына айналған ірі қалалық орталық.
  Бегім ана мұнарасы – шамамен X-XII ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Аңыз бойынша, Бегім ана Жанкент әмірінің әйелі, нақақ жаланың құрбаны болған. Қазақстанда осы тәріздес ортағасырлық мұнаралар (Ұзын там, Сараманқоса) көп кездеспейді, ал Орта Азияда мүлде жоқ. Бірақ «мұнаралы кесене» деген атаумен белгілі (XIII-XIV ғасырлардан кейін) мұндай ескерткіштер Иран, Түркия, Әзірбайжанда кең тараған. Бұл жағдай осы елдерге Арал аймағынан түркі тайпаларының ығысып баруына байланыс¬ты болуы мүмкін.
Ұзынтам мұнарасы – сәулет өнерінің ескерткіші.
Арал-асар қонысы және Кердері кесенесі – Арал ауданы, Қаратерең ауылынан 65 шақырым жерде орналасқан. Қоныстың жалпы көлемі 6 гектар. Кердері кесенесі – Арал теңізінің кепкен табанында Барсакелмес аралының солтүстігінде 30 шақырымда орналасқан. Табылған жәдігерлер бойынша ескерткіштерді Алтын Орда дәуірімен (XIII-XIV ғасырларда) мерзімдеуге болады. Бұл Арал теңізінің осы дәуірде тартылғанын көрсетеді.
Киелі орындардың тақырыптық-туристік маршруттық картасы туристер үшін қолайлы болу керек. Аталған нысандардың басым бөлігіне туристер апаруға болады. «Қызылорда облысының қасиетті жерлерінің географиясы» атты облыстық іс-шаралар жүзеге асқан жағдайда киелі нысандарға қатысты аңыздар мен хикаяттарды жинақтау үшін аудандарға экспедициялар ұйымдастыру қажет. Нәтижесінде Сыр өңірінің қасиетті орындарын қамтитын үлкен еңбек шығары сөзсіз.
/соңы/


Әзілхан ТӘЖЕКЕЕВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ
«Археология және этнография»
ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі,
тарих ғылымдарының кандидаты.


05 мамыр 2018 ж. 1 316 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области