ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Алдағы екі тәулікте суық арктикалық фронттар Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс, орталық, солтүстік облыстарында суық және кей жерлерде жаңбыр тудырады, деп хабарлайды 24.kz.
Солтүстік және орталық облыстарда жаңбыр дымқыл қарға ауысуы мүмкін, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі. Фронттардың артынан Баренцев теңізі аймағынан антициклон жылжып, онымен жауын-шашынның тоқтатылуы күтіледі. Антициклонның Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжуынан республиканың барлық аймағында температураның жоғарылауы басталады. 9 мамырда көптеген облыстарда жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның солтүстік аймақтарынан басқа, онда 8-9 мамырда жаңбыр болуы мүмкін.