Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР ЖАҢА ӘЛІПБИМЕН ТАНЫСТЫ

ЖАСТАР ЖАҢА ӘЛІПБИМЕН ТАНЫСТЫ


    ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған латын әліпбиінің жаңа нұсқасымен «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ өкілдері танысып, жаңа бастама жайлы өз ойларын айтты.
    Шарада орталық директоры Е.Бақбергенұлы жиналғандарды жаңа әліпбимен таныстырып, бұл бастаманың рухани өміріміздегі орны жайлы баса айтты.
    Елбасы тапсырмасымен мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің енгізілуі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ең алдымен, Үкімет жанынан латын графикасын қазақ тіліне ендіру жөніндегі жұмысшы тобы құрылады. Сондай-ақ, сол графиканың емле-ережелерін жасайтын орфографиялық-лингвистикалық комиссия құру жоспарланып отыр. Осылайша жан-жақты ойластырылған алфавит рухани жаңғыруымыздың бастауы болмақ.
    Кездесуде барша жұрттың әсіресе, жастардың жаңа бастаманы ел арасында түсіндіру, насихаттау шараларынан шет қалмауы керектігі баса айтылды.  

31 қазан 2017 ж. 688 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области