САРАТС-2 ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС-2) жобасы екінші фазасы 8 компоненттен тұрады.
Аталған жобаны жүзеге асырудың негізгі жұмыстары басталды.
Жоба республикалық бюджеттен және Дүниежүзілік банк заемы есебінен екі кезеңде жүзеге асырылатындығы жөнінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Қызылорда облысындағы жұмыс сапары барысында Арал қаласында болған кезінде Премьер-Министрдің Орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е.Шөкеевке Солтүстік Арал жобасын және Қызылорда облысындағы суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту бойынша жобаларын іске асыру барысын қарап, қажетті ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Осы жылдың 27 сәуірінде өткен кеңесте мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен аталған мәселелер жан-жақты қаралды (АШМ, ҚМ, ҰЭМ, СІМ, ИДМ, ІІМ), Қызылорда облысының әкімдігі, сушы мамандары, «Казгипроводхоз» жобалау институты, халықаралық Аралды құтқару қоры.
Мәжілісте ҚР бюджеті есебінен Солтүстік Арал жобасының кейбір компоненттерін жүзеге асыру бойынша бұрын қабылданған шешімдер, сондай-ақ Көкарал бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мен Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру бойынша бірінші кезектегі шаралар барысы қаралды.
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС-2) жобасының екінші фазасы 8 компоненттен тұрады.
САРАТС-2 жобасын 2 кезеңде жүзеге асыру жоспарланған болатын, бірінші кезеңде этапта - 6 компонент, ал екіншісінде - 2.
Дүниежүзілік Банктен қаржыландыру рәсімдерінің созылуына байланысты Қызылорда облысы әкімдігінің ұсынысы бойынша Үкіметпен САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыруды республикалық бюджет есебінен бастау жөнінде шешім қабылданды, Дүниежүзілік банк қаражатынсыз.
Қызылорда су торабын кешенді жөндеу – компоненті бойынша. АШМ инвестициялық ұсыныс әзірледі, Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық қорытындысы алынды.
Қаржы министрлігіне ЖСҚ әзірлеу үшін 198,0 млн. теңге бөлу жөнінде бюджеттік өтінім тапсырылды.
Биыл РБ нақтылау барысында қаражат бөлу жоспарланып отыр, 2019 жылдан бастап жөнделеді.
Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету және Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту компонентері бойынша.
Облыстық бюджет есебінен ЖСҚ әзірленді. 2018 жылғы 28 наурыздағы мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар.
Жобалар «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылылатын болады.
Қазалы ауданының Бірлік ауылы маңында автомобиль көпірін салу компонент бойынша облыстық бюджеттен жобаның ТЭН-ін әзірлеуге 20,9 млн.теңге бөлінді.
ТЭН және ЖСҚ әзірленгеннен кейін республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін аталған компонент инвестициялар және даму Министрлігіне ұсынылатын болады.
Компонент Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдан бастап жүзеге асырылады.
Қамыстыбас пен Ақшатау көлдер жүйелерін қалпына келтіру компоненті бойынша.
Облыс әкімдігі осы жылы көлдер жүйесін құжаттандырып, Су ресурстар комитетінің бөлімшесінің теңгеріміне береді.
Компонент Су ресурстар комитетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары шеңберінде іске асырылады.
Қамыстыбас балық өсіру питомнигінің Тастақ учаскесіндегі балық өсіру тоғандарын кеңейту компоненті бойынша.
Балық шаруашылығы Комитетінің ұсынысы бойынша аталған компонентке өзгерістер енгізіледі.
Балық өсіру питомнигінің тозғанын ескерсек, бірінші кезекте Камыстыбас балық өсіру питомнигінің өзі қайта жаңғырудан өткізіледі, содан кейін "Тастақ" учаскесіндегі балық өсіру тоғандары қайта жаңғыртылады.
Компонент балық шаруашылығы Комитетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары шеңберінде іске асырылады.
Осылайша, Дүниежүзілік банктың заемынсыз САРАТС-2 жобасының екінші фазасының бірінші кезеңін жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды деп айтуға болады.
Талқылау қорытындысы бойынша СолтүстікАрал жобасын іске асыру жөнінде келісілген екі кезеңнен тұратын ұсыныстар әзірленді:
Бірінші кезең:ҚР бюджеті есебінен (Дүниежүзілік банк заемынсыз)
Қөкарал бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру жұмыстарын бастау.
Жоба Көкарал бөгеті мен су жіберу құрылысын нығайтуды және Сырдария өзенінің "Қарашалаң" және "Тұщыбас" көлдері арқылы өтетін арналарын қалпына келтіруді көздейді.
Екінші кезең: Дүниежүзілік банк заемы есебінен
Арал өңірінің одан әрі дамыту және экологиясын жақсарту Бағдарламасын әзірлеу және іске асыру. Құрамында:
- коллекторлық-дренаждық суларды Арал теңізіне бұру мүмкіндіктерін қарастырумен "Суармалы жерлердің ирригациялық-дренаждық жүйелерін жетілдіру" жобасын іске асыру.
Жобаның жүзеге асырылуы әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқаты деңгейінің жақсаруына мүмкіндік береді, әсіресе ауыл халқының, суармалы жерлердегі су шығынын азайтып, Аралға судың түсуін арттырады.
- Көкарал бөгетінің төменгі жағында гидрологиялық және орман-мелиорациялық жұмыстар;
Бұл өз кезегінде сулы-батпақты алқаптарды қалыптастыру есебінен Арал өңірінің экологиясын жақсартады, теңіздің шығыс жағалауы бойында жасыл белдеудің құрылуы жағалаудағы елді мекендерді құм көшкінінен сақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, екінші кезең шеңберінде Сырдария өзенінің бассейнінде автоматтандырылған су есептегіш жүйені құру жоспарлануда.