ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалында Партиялық бақылау комиссиясының «Қызылорда облысында партиялық бақылау жұмыстарын ұйымдастыру мен ішкі партиялық тәртіптік нығайту бағытындағы жұмыстың жағдайы» тақырыбында жиын өтті.
Отырыста Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаев 2017 жылдың қорытындысы және 2018 жылдың І-тоқсаны бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен қаралып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғаларға қатысты хабарлама жасады.
Б.Байхожаев 2017 жылдың қорытындысымен Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен – 18, ал 2018 жылдың І-тоқсаныңда – 6 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын жеткізді.
Сонымен қатар, Берікбол Байхожаев өз сөзінде, Агенттік төрағасымен бекітілген "Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін жетілдіру бойынша кешенді жоспарға" сәйкес Әдеп жөніндегі кеңес жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау болып белгіленгендігін атап өтті.