ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АУЫР АТЛЕТТЕР ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ МЕН ЧЕМПИОНАТЫНАН БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ!

Жарысқа екі қала мен еліміздің барлық өңірлерінен 200-дей спортшы 16 салмақ дәрежесінде қатысты.
Жекелей есепте ерлер арасында 94 келіде сынға түскен Рүстем Сыбай мен әйелдер арасында 63 келіде Әсем Садықова Қазақстан жеңімпаздары атанды.
62 келіде Ерасыл Ергенбай мен 105 келіде Александр Зайчиков - күміс, Серікбол Аманжол (77 келі), Евгений Ломанов (85 келі) және Нұржан Кеңесбек (94 келі) - қола жүлделерді еншіледі.
Енді Р.Сыбай, А.Зайчиков, Ә.Садықова және Аят Әмірбеков қараша айында Ашхабадта (Түркіменстан) ауыр атлетикадан өтетін Әлем чемпионатына дайындалады.
Спортшыларды жарысқа Вилорий Пак, Нұржан Смаханов, Арман Абдраев, Ержас Болтаев және Евгений Пя дайындады. 


