ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында жуырда ғана жарық көрген 18 оқулықты таныстыру мақсатында аймақтық "Рухани жаңғыру" орталығының және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының қатысуымен "Әлемдік білім кеңістігіндегі жаңа оқулықтар маңызы" атты облыстық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Ғылыми-әдістемелік конференцияда Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің философ, әлеуметтанушы,экономист,филолог, журналист ғалымдар жаңадан шыққан оқулықтарға талдау жасап, өз бағаларын беруде.
Ғылыми-әдістемелік конференция мақсаты- білімнің салтанат құруы үшін әлемдік деңгейдегі танымал ғалымдар еңбектерімен танысудың маңызың түсіндіру, сол арқылы жас ұрпақтың бәсекелік қабілетін арттыру. Қазақстанның эволюциялық жолмен қарыштап дамуына жол ашу, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, ұлттық бірегейлікті сақтау, жастардың прагматикалық қабілетін одан әрі жетілдіру, қоғамдық санасын жаңғырта отырып, санасының ашықтығын қалыптастыру.