ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЙ ЖЕРЛЕРІНДЕ ҮСІК ЖҮРЕДІ
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, дауыл болып, желдің күшеюі, шаңды дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қарағанды, Солтүсік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан жоғары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с күтіледі, дауыл, шаңды дауыл күтіледі.
Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Қостанай облысының кей жерлерде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с күшейуі күтіледі. Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, сондай-ақ дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градуска дейін үсік күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.