АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет көздерінде жарияланымдар жиі орналастырылып, сол арқылы түсіндіру жұмыстары жүріп отырады.
Қазіргі кезде цифрлық технологияларды кеңінен қолдану арқылы заңсыз өнімді анықтауға болады, бұл әрекетті мемлекеттік кірістер органымен қатар, тұтнушының өзі де жасай алады.
Мысалы, kgd.gov.kz сайтының электронды сервистер бөлімінде немесе қазақстандық Wipon (Вайпон) мобильді қосымшасының көмегімен сайтқа немесе мобильді қосымшаға есепке алу-бақылау маркасының сканерленген суретін енгізу арқылы кез-келген алкоголь өнімінің заңды немесе көшірме екенін білуге болады.
Бұл тәсілді белсенді қолданушылар қатары күн сайын көбейіп келеді. Мәселен, биылғы жыл басынан бері қызылордалық тұтынушылар өз тарапынан 407 377 бөтелке алкоголь өнімін осындай жолмен тексеріп көрген.
Департаментпен жүргізілген алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес шаралары нәтижесінде жыл басынан бері 32 423 бөтелке ішімдік пен 351 қорап темекі өнімдері заңсыз айналымнан алынды.
Талдап қарасақ, 26 017 бөтелке өнім лицензиясыз қызмет жасаушылар үлесіне тиген, 5683 бөтелке сүйемелдеуші құжаттары жоқ тауарлар қатарынан, белгісіз үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен 723 бөтелке өнім анықталған. Ал айналымнан алынған 351 қорап темекіде де белгісіз үлгідегі акциздік маркалар жапсырылған.
Осындай заңсыз әрекеттер үшін өткен 5 айла 86 әкімшілік іс қозғалып, 83 жағдайда әкімшілік шаралар қолданылды, ал 3-еуі бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар белгісі болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.
Қ.АЙТБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
бөлім басшысы