Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘСКЕРДЕН ЖАЛТАРҒАНДАР САНЫ НЕГЕ АРТЫП БАРАДЫ?

ӘСКЕРДЕН ЖАЛТАРҒАНДАР САНЫ НЕГЕ АРТЫП БАРАДЫ?


Кешегі Кеңес Одағы кезінде әскерге бару бедел болса, бертін келе «армия» десе ат-тонын ала қашатындар қатары көбейді.
Мәселен, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен 2017 жылдың қортындысына сәйкес облыс бойынша медициналық шақыру комиссиясына келмеген азаматтар саны – 72. Ал Қызылорда облыстық Ішкі істер органдарымен бірлесіп, атқарған жұмыс шеңберінде мекенжай бойынша орналасқан жергілікті басқару органдарына (военкомат) келмей, іздеуде жүрген 54 азамат табылды.
Биылғы жылдың көктемгі әскерге шақыру кезінде қызметтен жалтарылғандар саны едәуір атқан. Яғни, барлығы 309 азамат әскерге барудан жалтарып отыр. Енді төмендегі тізімге назар аударайық:
1.Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы – 22
2.Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі -12
3.Байқоңыр қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі -18
4.Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі -102
5.Сырдария ауданың қорғаныс істері жөніндегі бөлімі -12
6.Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі – 143

Жыл басында Қазалы, Шиелі, Жалағаш аудандарында аталған мәселелерге қатысты мәліметтер тіркелген болатын. Алайда, мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарына жауапты мекемелердің өзара ауқымды жұмыстар жүргізілгеннің нәтижесінде қазіргі таңда үш ауданда әскерден жалтарылған азаматтар жоқ деуге болады.
Облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, кент әкімдері, ішкі істер департаментінің өкілдерімен медициналық тұрғыдан Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлерімен бірге жүргізіледі.
06 маусым 2018 ж. 983 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области