Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭКОЛОГТАРҒА ЖАҢА АРНАЙЫ ТЕХНИКА СЫЙҒА БЕРІЛДІ

ЭКОЛОГТАРҒА ЖАҢА АРНАЙЫ ТЕХНИКА СЫЙҒА БЕРІЛДІ


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың эколог мамандарын Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтап, үздік қызметкерлерді марапаттады.
Қаламыздағы А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі көптеген жылдар бойы Арал теңізі суының тұздану мәселесі алаңдатқан Сыр өңірі үшін бұл мерекенің маңыздылығын атап өтті. 
«Ал, «Арал дағдарысы» - Арал бассейнінде өмір сүретін 35 млн. адамға әсерін тигізіп отырған, адамзат тарихындағы аса ірі экологиялық зардаптардың бірі. 6 млн. гектардан асатын аймақ тұзды шөлге айналып, атмосферасындағы тұзды тозаң көзі болды. Осындай қиын жылдары Елбасы Н.Ә.Назарбаев Арал теңізін қалпына келтіру туралы тарихи шешім қабылдап, «ғасыр жобасы» - «САРАТС» қолға алынды, аймақтың балық шаруашылығы қайта жанданды. Бүгінгі күні САРАТС жобасының екінші кезеңі басталып кетті. Енді теңіз Арал қаласына жетеді деген сенім мол», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі өзге де өзекті мәселе – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымыран-тасығыштарын ұшырылу мәселесі шешім тапқанын жеткізді. «Протон» зымырандарын ұшыру қысқартылып, 2026 жылы оларды мүлдем ұшырмау туралы шешім қабылданды.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұйымдардың үздік қызметкерлеріне марапаттар мен арнайы автотехникаға сертификат табыстады.
Сондай-ақ, әріптестерін сала ардагері Қуанышқали Шапшаңов құттықтады.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында Экологтар күні 5 маусым күні тойланады. Бұл мереке ресми түрде 2011 жылы Қазастан Республикасының «ҚР мерекелер туралы» Заңымен бекітілді және БҰҰ Бас Ассамблеясы белгілеген Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау мерекесімен тұспа-тұс келеді.





08 маусым 2018 ж. 615 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области