Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ КҮШЕЙМЕК

ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ КҮШЕЙМЕК


Жер заңнамасын жетілдіру мақсатында осы жылдың 4 мамырында ҚР Жер кодексіне түзетулер енгізілген болатын. Ондағы басты бағыттардың бірі – жерді пайдалануда мемлекеттік бақылауды күшейту. Осы орайда, Жер кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық әкімдігінде семинар өтті.
Жиынға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу саласы мамандары, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар бизнес, шаруашылықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.
Жиында аймаққа жер заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында келген ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина, комитеттің жер қатынастарын және жерге орналастыруды дамыту басқармасы басшысы Жанар Каржанова тақырыптық баяндамалар оқыды.
«Жиында қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жер учаскелерін жалға беру институттарын сақтау және жетілдіру, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін күшейту, тұрғындардың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу және басқа да өзекті мәселелер айтылды. Айта кету керек, аймақ басшысының бастамасымен биылғы жыл кәсіпкерлікті қолдау жылы болып белгіленді. Қазіргі таңда мемлекеттік корпорация мен кәсіпкерлік палатасы арасындағы меморандум аясында бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызметтерді алу барысында барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Мысалы, кәсіпкерлердің шығынын, уақтын барынша үнемдеу мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 30 куннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Ақылбек Мұқаддас.
Спикердің айтуынша, алдағы уақытта аймақтарда құрамында қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдар мен әкімдіктердің өкілдері бар комиссиясы құрылмақ. Комиссия құзіретіне ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану бойынша үздіксіз мониторинг жүргізу жұмыстары кіретін болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясының Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі


08 маусым 2018 ж. 617 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области