Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ:

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ:


1. Ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
2. Есті қыз етегін қымтап ұстайды.
3. Әйелдің жалаңаш денесі еркектің ойын өзіне бөлгізеді. Жинақы жүр. Сонда еркек елеңдемейді.
4. Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың.
5. Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу – дарақылықтың белгісі.
6. Кісі кемшілігін көруге емес, түзеуге әуестен.
7. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетеді.
8. Ауыз шешендік әркімде бар. Қыздың көп сөйлемегені абзал. Қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы – сайрап тұрған сөз.
9. Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді.
10. Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жақсы ананы ажалдан бұрын көрге кіргізеді.
11. Жақсы дос – жаман әкеден артық.
12. Үміт күткен ұлы оңбаған болса – әке, қызы күйеуге өтпесе – шеше, сұлу деп алғаны сүйкімсіз болса – жігіт, қыран деп тигені жапалақ болса – жар сорлы.
13. Кей адам кілт етпе келеді. Ол мінез жас балаға, сұлу әйелге, ұлы адамдарға ғана жарасады. Бұдан басқаға бітсе – ол қырсық.

09 маусым 2018 ж. 2 013 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области