Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


Байқаудың бас жүлдесі мен республикалық кезеңге жолдаманы Сырдария ауданының тұрғындары – Бәйменовтер отбасы жеңіп алды.
Жалпы, «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының аймақтық кезеңіне 361 отбасы қатысты. Естеріңізге сала кетейік, байқау Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев байқауға қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтады.
«Отбасы құндылығы қай кезеңде де, қай мемлекетте де саясаттың ең маңызды бөлігі болған. Бала туу көрсеткіші бойынша Сыр өңірі республикада алдыңғы қатарда тұр – аймағымыз 4 орында. Облысымыздағы 44 мыңнан астам көпбалалы ананың 27 мыңға жуығы – батыр ана. «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» алтын құрсақты аналарымыздың 14 мыңға жуығы «Алтын алқа»,13 мыңдайы «Күміс алқа» иегері», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Соңында байқаудың аймақтық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Атап айтқанда, байқаудың бас жүлдесі мен республикалық кезеңге жолдама Сырдария ауданының тұрғындары – Бәйменовтер отбасына табыстады. Бірінші орынды шиелілік Ишанқұловтар отбасы жеңіп алса, екінші орын жалағаштық Тоқсановтар, ал, үшінші орын – Қарауылтөбе ауылының тұрғындары Досмахановтар әулетіне бұйырды.
Одан бөлек, келесі номинациялар бойынша:
«Жарасымды жанұя» - Назаровтар отбасы, Қызылорда қаласы;
«Үлгілі отбасы» - Байдәулетовтер отбасы, Қызылорда қаласы;
«Тату отбасы» - Жаманқараевтар отбасы, Арал ауданы;
«Ізгілікті шаңырақ» - Жанәділовтердің отбасы, Қармақшы ауданы.
«Өнерлі отбасы» - Есімсейтовтер отбасы, Шиелі ауданы;
«Мәуелі бәйтерек» - Айтбаевтар отбасы, Шиелі ауданы;
«Ұлағатты отбасы» - Көмекбаевтар отбасы, Қызылорда қаласы, Қызылөзек ауылдық округі, Айнакөл ауылы;
«Өнегелі отбасы» - Әбілқасымовтар отбасы; Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылы.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
Бас жүлде иегерлері осы жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.



11 маусым 2018 ж. 838 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области