Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны» (ҚР «Білім туралы» Заңынан).
ҰБТ технологиясы дамыған шет елдердің білім салаларының тәжірибесінен іріктеліп, зерттеліп алынды. Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны осылай деп негіздеді және оны барынша сапалы өткізуге күш салуда. Осы мақсатта жасалған еңбекті және ҰБТ-ның өзіндік артықшылықтары мен кейбір жетістіктерін жоққа шығаруға болмас.
Республика бойынша ҰБТ 167 ҰБТ өткізу пункттерінде өткізіледі. Соның ішінде, «Ұлттық тестілеу орталығы» Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филиалы 2004 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде университетімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың өте жақсы жүйесі қалыптасқан. Дайындық өз дәрежесінде ешқандай ескертусіз жүргізіледі. Дайындыққа филиал қызметкерлерімен қатар, университет ұжымы ат салысады. Қазіргі уақытта 2018 жылғы ҰБТ-ны өткізуге дайындық жұмыстары толығымен аяқталды.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге құжат қабылдау республика бойынша 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Қызылорда қаласының барлық мектептерінде бітірушілермен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жасалды.
Қызылорда қаласы бойынша 1669 оқушы мектеп бітірсе, оның 1276-сы ҰБТ-ға өтініш беріп отыр. ҰБТ-ны өткізу үшін университеттің №5 оқу ғимаратынан 9 аудитория жасақталып тұр. Әр аудиторияда ауа баптағыштармен қатар бейне бақылау камералары іске қосылған, ұялы байланысты тұншықтырғыш құралдармен қамтамасыз етілген.
Биылғы жылғы ҰБТ-ның ерекшелігі әрбір ата-ана баласының тестілеу барысындағы іс-әрекетін онлайн-трансляция арқылы бақылай алады. Бұл – арнайы сілтеме арқылы кез-келген жерде отырып ҰБТ барысын көруге мүмкіндігі бар деген сөз.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы жасақталып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамында өз ісінің мықты мамандары мек құқық қорғау органдарының өкілдері бар. Мемлекеттік комиссия арнайы бекітілген жұмыс жоспары бойынша жұмыс атқарады. Және мектептің білікті ұстаздарынан құрылған апелляциялық комиссия жұмыс жасайды. ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы 18 адамнан тұратын апелляциялық комиссияның құрамын мемлекеттік комиссия төрағасы бекітеді. Апелляцияға өтініш беру белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Апелляцияға өтініш беру үшін комиссияға берілетін сұрақтар негізделген болуы керек. Апелляция пәндер бойынша сұрақтардың мазмұны және техникалық себептерге байланысты беріледі. Ал, жалпылама сұрақтар қарастырылмайды.
Тестіленуші өтініш берген уақытта тест тапсыру тілін таңдайды: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі. Тест тапсыруды «ағылшын» тілінде таңдаған жағдайда, түсуші Қазақстан тарихы пәнінен тестілеуді қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде тапсырады!
Шығармашылық мамандықты таңдағандар үшін:
Шығармашылық мамандықты таңдаған түсушілер ҰБТ-да:
- екі пән (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы) бойынша;
- бес пән (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және екі таңдау пәні)бойынша тестілеу тапсыруына болады.
Ескерту: шығармашылық мамандықты таңдаған және бес пән бойынша тестілеу тапсыратындар жауап парағында 6-шы секторды, яғни «Шығармашылық емтихан» секторын толтырмайды!
ҰБТ ТЕСТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ :
1 блок:
Математикалық сауаттылық – 20 сұрақ,(Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс) Оқу сауаттылығы – 20 (4 мәтін) (Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс) Қазақстан тарихы - 20 (Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс)
2 блок:
1 бейінді пән – 20 сұрақ (Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс);
10 сұрақ (Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты).
2 бейінді пән – 20 сұрақ (Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс);
10 сұрақ (Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты).
Жоғары балл саны: 140
Шекті деңгей балы: 50
ҰБТ-ға 3 сағат 50 минут беріледі.
Бейінді пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты таңдалады.
Шекті балды алмаған жағдайда, ақылы негізде оқуға түсу үшін тестілеуді қайта тапсыру қарастырылған (ағымдағы жылдың тамыз айы).
ҰБТ пәндері бойынша бейінді пәндер тізімі:
Тестілеупәндері:
3 міндетті пән:
•Қазақстан тарихы
•Математикалықсауаттылық
•Оқу сауаттылығы
2 бейіндік пән (таңдалған мамандыққа сәйкес):
Математика+Физика
Математика+География
Дүниежүзітарихы+География
Биология+Химия
Биология+География
Шеттілі+Дүниежүзітарихы
Қазақ/Орыстілі+Қазақ/Орысәдебиеті
География+Шеттілі
Химия+Физика
Дүниежүзі тарихы + Адам. Қоғам. Құқық
Мамандық таңдауда комбинациядағы бейіндік пәндердің орналасу орнының маңызы жоқ (Математика+Физика немесе Физика+Математика)

ҰБТ-дағы тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:
•бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен бағаланады;
•бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (үш дұрыс жауаптан артық емес) тапсырмаларда:
•бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
•бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
•бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
•екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
•екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
•екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
•екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
•екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
•үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
•үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
•үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
•үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
•үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда тек бір дұрыс жауапты не екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.

ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша әрбір түсушіге тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде ҰБТӨП немесе базалық ЖОО мемлекеттік комиссиямен бірлесіп беретін сертификат жазылады. Түсушіге сертификатпен бірге таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес ақпараттық парақ беріледі.
Сертификаттағы түсушінің Т. А. Ә. (бар болған жағдайда) толтыру жеке басын куәландыратын құжат бойынша жүргізіледі.
Сертификатта ҰБТ немесе КТ шеңберінде тапсырылған әрбір пән бойынша балдар қойылады.
Сертификатқа мемлекеттік комиссия төрағасының, Министрлік өкілінің қолдары қойылады және ЖОО-ның немесе білім басқармасының жергілікті органының мөрі басылады.
Биылғы жылы ҰБТ республикамызда 15-ші рет өткізілгелі отыр. Осыған дейінгі 14 жыл ішінде ҰБТ- ға 1миллион 677 мың адам қатысты (жалпы мектеп бітірушілер санының шамамен 80%-і).
ҰБТ-ға қатысушыларға арналған танымдық ақпараттар мен интернет-ресурстар:
http://www.testcenter.kz
www.edu.gov.kz
https://www.youtube.com/channel/UCzmZObVJTezesGyIEKw6h-Q
https://www.facebook.com/testcenterkz/
https://instagram.com/testcenterkz
Әрбір талапкер аталған сайттар бойынша қажетті ақпаратты алуға болады.

Нағима НАҚЫПБАЕВА,
ҰТО Қорқыт Ата атындағы ҚМУ филиалының басшысы

14 маусым 2018 ж. 859 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области