Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ – АРДАГЕРЛЕР

ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ – АРДАГЕРЛЕР


Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ардагерлерді қабылдап, мерейтойларымен құттықтады.
Салтанатты қабылдаудың басты кейіпкерлері – елге құрметті жандар. Олардың бірі – қаламы ұшқыр журналист Өтеген Жаппархан 80 жасқа толып отыр. Ол «Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының» иегері, «Қазақстанның Құрметті журналисі».
Ал «Қызылорда облысының құрметті қайраткері» және «Арал ауданынының құрметті азаматы», «Құрмет белгісі» ордені мен «Еңбек ерені» медалінің иегері Қуанышқали Шапшаңов пен «Еңбектегі ерекше еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалдарының иегері Аманкелді Құдайбергенов 75 жасқа толып отыр.
Мерейтой иелеріне арнаған ақжарма тілегін шаһар мэрі былайша өрнектеді:
– Осы салтанатты сәтті пайдалана отырып, бүгінгі жастарға артқан сенімдеріңіз үшін, айтқан ақылдарыңыз бен үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымызды айтамын. Тәуелсіз еліміздің жас буынын патриоттық рухта тәрбиелеуде Сіздер әлі де бізге жол көрсетіп, аталық ақыл-кеңестеріңізді береді деген сенімдемін. Сіздер ел егемендігі жолында түрлі қиын-қыстау заманда да сыр бермей еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуі аянбай тер төктіңіздер.
Біз, Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бен еліміздің ертеңі үшін жасаған бар игілікті істеріңіздің алдында басымызды иеміз. Ұлт болып ынтымақтасуды, отанды сүюді, бірлік пен бауырмалдық сынды құнды қасиеттерді біз Сіздерден үйрендік.
Сіздердің баталарыңызбен еліміз көгеріп, тілектеріңізбен жастарымыз болашаққа нық қадам басары анық».
Қала әкімі мерейтой иелеріне Қызылорда қаласының «Құрмет» Грамотасын табыс етті.
Қала әкімінің баспасөз қызметі


14 маусым 2018 ж. 907 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области