Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨШПЕС МҰРА

ӨШПЕС МҰРА

Қызылордалық Сымбат Әдірахманова – «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. Талантты жерлесіміздің «Сиқырлы кілт» атты мультфильмінің тұсаукесері өтті. Аннимациялық мультфильм авторы оны туған қаланың мерейтойына тартуым деп отыр. Ал балғындар мультхикаяны қуаныштан жүздері бал-бұл жанып, ерекше сезімге бөленіп отырып тамашалады.
Менің ойыма осы бір ерекше жанмен кездескен сәтім оралды. Өткен жылы елімізде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы басталған тұста мені осы жобаға үміткер ретінде облыстан ұсынылған Сымбат Әдірахмановамен сұхбаттасуға жіберді. Алғашында: «Не үшін? Қандай еңбегі сіңіргенін» білмегенім рас. Бірақ, бір көргеннен жылы жүзімен, өзінің қарапайымдылығымен тез тіл табыстық. Сөйлесе келе, оның психолог маман екенін, мүмкіндігі шектеулі баларлармен жұмыс жасайтынын, одан қалды мультхикаялар жасаумен айналысатынын білдім.
Неге мен ол кісіні таңдадым. Иә, танымалдығын алға тартып, яки өзіме ұпай жинау үшін емес. Шынында оны бүгінгінің нағыз батыры десек жарасады. Қазіргі қоғамды тәрбиелеу, балалардың ойын түсініп, дұрыс бағдар беру – қиынның қиыны. Сондай-ақ, баланы заманға сай тәрбиелеу, ұмыт болып бара жатқан қазақы салт-дәстүрлерімізді жаңа ақпараттық технолгияларды игере отырып жеткізуі қос қолдап тұрып шапалақ соғуға лайық. Міне, нағыз еңбек!
Мысалы, Сымбат дайындаған мультсериалдарын алсақ, үлкенді сыйлау, қоршаған ортасына қамқорлық, табиғатты аялау тағысын тағы қасиеттерді аңғаруға болады. Бұл ойлау қабілеті енді қалыптасып келе жатқан бала үшін үлкен көмек.
Бүгінде ұялы телефонды, не теледидарды көрмейтін бала жоқ. Ол рас. Ал сол кішкене құрылғы баланы оң бағытта тәрбиелеуге зор мүкіндік.
Бала ол сіз бен біздің айнамыз! Нені көрсе, соны іліп алады. Сондықтан бұл жан тек өз балаларын ғана емес, барша қазақ бүлдіршіндерін тәрбиелеуде өз үлесін қосып жүр. Адамның артына қалдырған өшпес мұрасы – балаға берген тәрбиесі...
Адамның бойынан ең алдымен көрінетін – оның тәрбиесі. Одан асқан құндылық жоқ шығар?! Алған тәрбиесіне қарай, жасаған ісінен нәтиже көрсетеді. Осы ретте «жақсы жандар», «осылардың еңбегі» деп ауыз толтырып айтатын, ол әрине білім саласындағы қызметкерлер!
Тек балаға білім ғана беріп қоймай, оны өмірдің қиындығы мен қуанышына қарсы тұруға үйретеді. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, алғашқы адами құндылықтарды бойына сіңіреді. Ал еңбегі – ағаш сияқты жемісін бергенде сараланады.

Назерке ШАРАПАДДИН,
Қызылорда

16 маусым 2018 ж. 786 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области