Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘКЕДЕН ҚАЛҒАН БҰЙДА ПЫШАҚ

ӘКЕДЕН ҚАЛҒАН БҰЙДА ПЫШАҚ

Жасалғанына жүз жылдан астам уақыт өткен бұйда пышақты Жалағаш аудандық музейі өзінің алтын қорына енгізіпті.
Музей қызметкерінің айтуынша, бұл пышақ болат темірден соғылған. Басы өткір, шаншуға, түйреуге лайықталған бір жүзді болып келген. Пышақтың сырты, яғни, түйрейтін ұшынан бастап сабының түп жағына дейінгі аралығы бірте-бірте қалыңдап барып аяқталып, бір жағына иілген.
Көне жәдігерді музейге Ақсу ауылының тұрғыны Төлеу Мәншарипов есімді жылқышы өткізген. Ескіден жеткен асыл мұра жылқышыға әкесінен мирасқа қалған екен.
Қазақ халқында қару ретінде қолданатын пышағын бұйда пышақ деп атаған. Сабы киіктің немесе тауешкінің мүйізінен жасалатын қару еліміздің кейбір өңірлерінде «сары мойнақ» деген атауды да иеленген. Бірақ, кеңінен тараған атауы – бұйда пышақ.
Бұл пышақ шаншуға, түйреуге лайықталған өткір бір жүзді, басы түзу, болаттан соғылған жауынгерлік және аңшылық суық қарудың бірі. Сыртқы пішіні мен жасалу тәсіліне қарай еліміздің барлық өңірлерінде кездеседі. Ол қазақ сарбаздарының қоян-қолтық щайқастарда жиі пайдаланатын қару түрі.
Пышақтың еліміздің кейбір өңірлерінде «сары мойнақ» аталуының себебі де бар. Сабы жез, мыс тәрізді сары металлдардан әшекейленген бұйда пышақты қазақ осылай атайды. Бұйда пышақ ердің бес қаруының қатарына жатады. Ал, бұйда пышақ аталу себебі туралы әр түрлі деректер кездеседі. Кендір мен жүннен жасалған бұйда жіпті байлауға түйе немесе өгіздің мұрнын тесіп, жез орнатуға ыңғайлы пышақ болғандықтан бұйда пышақ аталған десе, енді бір деректерде үзілуі қиын кендірден жасалған бұйданы бір салғанда-ақ қиып түсуімен байланыстырады.



16 маусым 2018 ж. 925 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области