Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОН МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БАСТАЛҒАН ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС

ОН МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БАСТАЛҒАН ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС

Қазалылық Жадыра Беркінбаева қыз-келіншектердің көңіліне жағатын, көздің жауын алатын бұйымдар жасайды. Ол бұл жұмысты азғантай ақшамен бастағанын айтады.
– Төрт жылдан астам уақыт бұрын декреттік демалысқа шығып, біраз уақыт үйде отыруға тура келді. Үйдің тірлігін түгендеп болғаннан кейін бос уақыт қалады. Соны текке өткізгім келген жоқ. Ойлана келе қолөнермен айналысуға ден қойдым, – дейді жас кәсіпкер.
Жадыраның бизнес бастауына күйеуінен алған он мың теңге жеткілікті болған. Оған таза асыл тастар сатып алып, тапсырыспен адам аты жазылған білезіктер жасапты. Қызығушылықтан туған тірлік уақыт өте келе дөңгеленіп, табыс көзіне айналды. Кәсіпкер келіншектің қасында екі көмекшісі бар. Олар желек (фата), шаш сәндеуіш, гүл бумасы, алқа, білезіктер және тағы басқа кез келген дүниені дайындайды. Бұрын киілген киімдерді әшекей тастармен көмкеріп, адам танымастай өзгертіп те береді. Сонымен қатар, фетрден кеудеше, сөмке, сәукеле, ламбрекен сияқты небір киім-бұйым тігіп, көптің алғысына бөленіп жүр.
Жадыра жуырда фетр қиюға арналған лазерлі станок сатып алды. Құрылғы қыздардың жұмысын біраз жеңілдетті. Бұрын фетрден қажетті пішін дайындауға көп уақыт кететін әрі қайшы қолға күш түсіретін.
Жаңа аппараттың көмегімен бұдан былай ойыңдағы пішінді компьютер арқылы қажет мөлшерде шығаруға болады. Жас кәсіпкер бізбен әңгімесінде жұмыс бастаған кездегі қиындықтарды күліп еске алды. Айтуынша, ең бірінші сәукелені тігу үшін бір апта уақытын сарп еткен. Қолы үйренгеннен кейін мұндай шаруаны екі-ақ күнде бітіретін болды. Жақында жергілікті би топтарының біріне арнап бір метрлік сәукеле тікті. Бұл ұзындық – әзірге Жадыраның кәсіп бастағаннан бергі рекорды.
Кейіпкеріміздің негізгі мамандығы – психолог. Алайда, қолөнерге деген қызығушылығы оны ойламаған жерден басқа арнаға бұрып әкетті.
– Күйеуім де басқа салада жұмыс істейтін. Бірақ қазір менің жанымда. Осылайша отбасылық кәсіпті айналдырып отырған жайымыз бар, – дейді қолөнер шебері.

Н.САНИЯЗОВА,
Қазалы ауданы






16 маусым 2018 ж. 1 006 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области