Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Қызылорда облыстық статистика департаментінің хабаплауынша, 2018 жылғы қаңтар-мамыр айы аралығында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дауының қысқаша қортындылары төмендегідей.
2017 жылғы қаңтар-желтоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 744787 теңгені құрады және 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 10,3%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 6,6%-ға өсімі кезіңде халықтың нақты ақшалай табыстары 2,4%-ға жоғарлады.
Үстіміздегі жылы I тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 16,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы мамырдың соңына 9,5 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,7%.
Аталған тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 122022 теңгені құрады. Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы мамырда 2017 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 102,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 3%-ға, азық-түлік емес тауарларына – 1,9%-ға, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер - 2,9%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2018 жылғы мамырда 2017 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 14%-ға артты.
Осы жылдың қаңтар-мамырында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 65957 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,4%-ға көбейді.
Биылғы жылдың 1 маусымына тіркелген заңды тұлғалар саны 10387 бірлікті құрады, оның ішінде 10043 бірлік 100 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7417 құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 7073 бірлік.
Осы жылғы қаңтар-мамырдағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,1%-ды құрды. Ал бөлшек сауда көлемі 105649,9 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 100,5% құрады (салыстырмалы бағада).
Көтерме сауда көлемі 57166,7 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 99,5% құрады (салыстырмалы бағада). Ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 370577,6 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2017 жылғы деңгейден 4,4% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5,7% кемісе, өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,3% , электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда 20,1% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 14063,7 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 3,1% артты. «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,7%-ды құрды.
2018 жылғы қаңтар-мамырында жүк айналымының көлемі 4855,3 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 0,1% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 2703,9 млн. жкм құрап, 8,9% артты.
2017 жылғы IV тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 36721 млн. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 24,8%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 33,6%-ды құрады.






21 маусым 2018 ж. 811 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области