Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДЕПУТАТТАР СЫР ӨҢІРІНДЕГІ КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ДЕПУТАТТАР СЫР ӨҢІРІНДЕГІ КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшелері Абзал Ералиев, Бақытбек Смағұл, Генадий Шиповских Сыр өңіріндегі сапары барысында Жаңақорған ауданындағы СКЗ-U күкірт қышқылы зауытының жұмысымен танысып, жұмысшы ұжыммен кездесті.
«СКЗ-U» зауыты – күкірт қышқылын дайындайтын Сыр бойындағы ауқымды өндіріс орындарының бірі. Шетелдік озық әрі тиімді, қоршаған орта үшін қауіпсіз технологияларды қолданатын зауыт мемлекеттің үдемелі - индустриялды иновациялық даму бағдарламасы аясында 2007 жылы құрылып, 2011 жылы пайдалануға берілген. Тәулігіне 1500, жылына 500 000 тонна күкірт қышқылын өндіреді. Бүгінде мұнда 277 адам жұмыс істейді. Оның 65 пайызы жергілікті азаматтар. Солардың бірі Сәбит Дауылбаев.
Сәбит қызмет жолын осында жәй жұмысшы болып бастаған. Бүгінде күкірт қышқылы цехының бастығы.
-Мен мұнда 6 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Жұмыс өте жақсы, барлық жағдай жасалған. Үйден кіріп шығасың. Оның үсітіне қолмен жұмыс істемейсің. Барлығы автоматтандырылған. Айлық та уақытылы. Ең бастысы сауатты, техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтап жұмыс жасасаң болды.
Сондай-ақ, зауытта өнім өндірудің қуат үнемдеуші әдістері де кең қолданыс тапқан. Яғни, қышқылды өндіру барысында шығатын буды турбогенераторлар арқылы электр энергиясын өндіруге қолданып отыр.
- Мемлекет басшысы Үкіметке энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2020 жылға қарай 25 пайызға төмендету бойынша зор міндет жүктеген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстарда біздің кәсіпорынның қосып отырған үлесі қомақты. Яғни, зауыт қышқылды өндіру барысында шығатын будан, қосымша жалпы құны 4,3 миллиард теңге көлеміндегі сағатына 18 мВт электр энергиясын өндіріп отыр. Бұл зауытты электр энергиясымен қамтып қана қоймай аудандық электр желісіне де арзан энергия ұсынып отыр деді зауыт басшысының орынбасары Сәулебек Дүйсенбеков.
Зауыт жұмысмен танысып, ұжым мүшелерімен кездескен халық қалаулылары зауыт жұмысына өз ризашылықтарын білдірді.
- Уранның әлемдік қорының үштен бірінен астамы біздің елімізде шоғырланған. Оны өндіруде күкірт қышқылының рөлі зор. Бұрын еліміз күкірт қышқылын алу үшін өзге елдерге тәуелді болса, енді бәрі керісінше. Зауыт толық қуатында, тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл ел экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосып отыр деген сөз. Алдағы уақытта күкірт қышқылы еліміздегі уран өндіретін кәсіпорындарда ғана емес, өзге де халық шаруашылығында кеңінен қолданылатын болады деп сенеміз,-деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.
Мәжілісмендер сондай-ақ тұрғындардың өтініштерін тыңдап, Парламент қабырғасындағы атқарылған жұмыстарды сонымен бірге Елбасы Жолдауы мен 5 әлеуметтік бастамасынан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылу барысындағы жұмыстарды кеңінен айтып өтті.





10 шілде 2018 ж. 699 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области