Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИЕЛІ: ИНТЕРАКТИВТІ КАРТА ҚАРАША АЙЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ШИЕЛІ: ИНТЕРАКТИВТІ КАРТА ҚАРАША АЙЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін айтқан болатын. Азаттық үшін алысқан батыр бабаларымыз ұрпақтарына кең-байтақ даланы мұра етті. Осы Ұлы дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз.
«Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» – деген болатын Елбасы.
Еліміз бойынша «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру қолға алынғаны мәлім. Мәселен, қазіргі күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданы аумағында мемлекет қорғауына алынған 48 ескерткіш бар. Олардың 3-еуінің республикалық маңызы бар, 26 жергілікті маңызы бар. Қалған 19-ы алдын ала есепке алынған ескерткіштер.
Мемлекет қорғауындағы ескерткіштердің әрқайсысына қолданыстағы «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңы және одан туындайтын мәдениет және спорт министрлігінің қағидалары шеңберіндегі шараларымен қатар, ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу, қайта қалпына келтіру және тағы да басқа кешенді жұмыстар жүргізіліп отырады. Соның ішінде, Есабыз әулие кесенесіне демеушілік есебінен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенін.
Бүгінгі таңда барлық салаға сандық технология енгізіліп, төртінші революциялық даму кезеңіне қадам бастық. Осыған орай, қасиетті жерлерді сандық форматқа көшіру және олар туралы әлеуметтік желі қолданушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Шиелі аудан бойынша жергілікті маңызы бар киелі жерлердің 3D форматтағы интерактивті картасы дайындалып, тиісті құзырлы органдар мен облыстық жергілікті атқарушы органдардың сайттарына орнатылатын болады. Интерактивті карта 2018 жылдың қараша айында қолданысқа енгізіледі деп жоспарлануда.
Нақты кезеңде киелі орындарға туристердің қызығушылығы жоғары. Сондықтан оларға инфраструктура жеткізу мәселесі өзекті. Аталған ауданда бұл бағытта да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мысалы, жалпыхалықтық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілген «Оқшы ата» мазаратына Бәйгеқұм ауылына кіре берістен 4,7 шақырымдық жол салу, тас төсеу, автотұрақ салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Рухани жаңғыру бағытында ағымдағы жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автожолы бойынан бұрылып тоқтайтын арнайы орынға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жергілікті қаражат есебінен, Шиелі жерінен шыққан тарихи тұлғалар туралы 3 тілде жазба және аудио түрінде ақпарат беретін көркем безендірілген екі қанатты үлкен стелла жасалатын болады.

А.ӘБІЛДАЕВА,
Шиелі аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері
18 шілде 2018 ж. 862 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области