ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕГІ БІРҚАТАР КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ
Қызылорда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Каюпов Азамат Биғалиұлы тағайындалды.
Азамат Биғалиұлы 1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Еңбек жолын 2007 жылы «БИС» ЖШС директорының орынбасары ретінде бастаған. 2008-2010 жылдары қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2011-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
Ал 2014-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бас сарапшысы, 2015-2016 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы АҚ менеджері болған.
2016 жылдан осы кезге дейін облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарды.
Қала әкімінің 2018 жылғы 10 шілдедегі өкімімен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Каюпов Руслан Мұхамедәліұлы тағайындалды.
Руслан Мұхамедәліұлы 1984 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» магистрі.
Еңбек жолын 2010 жылы «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорының жастарды жұмыспен қамту жобасының аға-үйлестірушісі ретінде бастаған. 2011-2013 жылдары Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы,
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы, 2013-2014 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы,
Қызылорда облыс әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығының бас эксперті болып еңбек етті.
2014 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.
Осы жылдың 29 маусымында Қызылөзек ауылдық округі әкімінің лауазымына өткізілген сайлау қорытындысымен Қызылөзек ауылдық округінің әкімі болып Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы сайланды.
Сәкен Нысанұлын 1963 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. Еңбек жолын 1990 жылы Қызылорда қаласы, №9 кәсіптік-техникалық училещесінде шебер болып бастаған.
1994-2006 жылдары «Ауез ЛТД» ЖШС директоры;
2007-2008 жылдары «Тұрғын үй Қызметі» МКК директоры;
2008-2009 жылдары «Қызылорда жарық сервис» МКК директоры;
2009-2010 жылдары «Аманат» Қазақстан ұлттық зейнетақы қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша директоры, 2015-2017 жылдары «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС директордың орынбасары, ал 2017 жылдан осы кезге дейін Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қалаға қарасты Талсуат ауылдық округіне де жаңа әкім келді. Биылғы жылдың 13 шілдесінде өткен Талсуат ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысымен аталған округтің әкімі болып Нұрлыбаев Болатбек Қалиұлы сайланды.
Болатбек Қалиұлы 1957 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. Еңбек жолын 1979 жылы «Күріш» институтында аға техник ретінде бастаған.
1979-1980 жылдары «Казгипросельхоз» мекемесінде инженер-технолог;
1980-1996 жылдары «КызылордаАгроПромПроект» мекемесінде аға инженер, директордың орынбасары;
2000-2003 жылдары «Қазақавтожол» мекемесінде бас инженер;
2003-2004 жылдары «Дорстрой» ЖШС бас инженері;
2004-2012 жылдары «Қызылордамемсараптама» мекемесінде директор;
2012-2014 жылдары «Мемсараптама» Қызылорда облыстық филиалының директоры;
2014-2015 жылдары «Мемсараптама» Қостанай облыстық филиалының директоры;
2015-2016 жылдары «Қызылорда мұнай өндіру» заводының бөлім басшысы болған.