Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ


Бүгін «Достық үйінің» мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Махановпен аймақтағы белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдерінің еркін форматтағы кездесуі өтті.
Мәжілісте облыстағы бірқатар ҮЕҰ-дың жетекшілерінен түскен ұсыныстар мен жалпы жиналыстың қаулысына сәйкес, «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының жаңа төрағасы болып Жандос Базартай тағайындалды.
Жандос Нұртайұлы еңбек жолын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2012 жылы V шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тәрбие жұмыстары және жастар саясаты басқармасының басшысы қызметінде.
«Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығына мүше 50-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен жалпы жиналыста ұсынылған кандидатты бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Отырыс қорытындысы бойынша Қауымдастық мүшелері азаматтық сектордың қызметін жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.
23 шілде 2018 ж. 701 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области