Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ БИЗНЕСІН ЖҮРГІЗУГЕ 5 %-ДАН БАСТАП НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ БИЗНЕСІН ЖҮРГІЗУГЕ 5 %-ДАН БАСТАП НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ


Естеріңізде болса, өткен айда Астана қаласында өткен «Атамекен» ҰКП-ның V Съезі аясында республикалық Іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін қаржылай қолдау үшін Еуразиялық Топпен (ERG) және Қазақстан халық банкімен меморандум жасалған болатын. Нәтижесінде Халық банк осы жылдың өзіне қыз-келіншектер кәсіпкерлігін қаржыландыруға 1 млрд. теңге бөлді.
Қазір республика бойынша құжат қабылдау жүріп жатыр. Қыз-келіншектерге арналған жеңілдетілген несиені алу жолдарын Қызылорда облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова былайша түсіндіріп берді.
«Кәсіппен айналысқысы келетін қыз-келіншектердің жобаларын қаржыландыруға республика бойынша 1 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл шараға біздің облыстың да азаматтары қатыса алады. Қазіргі таңда Халық банк құжаттарды қабылдауда. Жеңілдетілген несие нақты кәсібі бар жандарға да, сондай-ақ стартап жобаларға да беріледі. Берілетін қаржы көлемі – 10 млн. теңгеге дейін. Несие 5 пайыздан бастап 84 айға дейін беріледі. Құжаттарды қабылдау мерзіміне шектеу қойылмаған. Дегенмен, мынай жайтқа мән берулеріңізді сұраймын: бөлінген қаржы тек осы жылға арналған. Сондықтан қаржыландыруға қатысқысы келетіндер асыққан жөн. Қазірдің өзінде оннан астам облыстың азаматшасы қатыса алады», - дейді Жанна Аманова.
Несие алғысы келген жандар ең алдымен Кәсіпкерлер палатасына келіп, өтінім беруі қажет. Өтінімге сәйкес Палата арнайы хат дайындап береді. Аталған хатты кәсіпкер Халық банкіне тапсырады. Қажетті құжаттар тізілімін Банк қызметкерлері ұсынады.
Жеңілдетілген несиеге қол жеткізгісі келген қыз-келіншектер қосымша ақпараттарды Кәсіпкерлер палатасынан немесе Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Амановадан (тел: 87059019010) ала алады. Палатаның мекен-жайы Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28. Байланыс телефоны 40-09-81. Кәсіпкерлер палатасынан жауапты маман Сәуле Биманова.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
27 шілде 2018 ж. 552 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области