ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТАМЫЗ АЙЫНДА ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ?
Қазақстан халқын тамыз айында екі бірдей мереке күтіп тұр. Жаздың соңғы айында ел тұрғындары Құрбан айт пен Конституция күнін атап өтеді. Бұл туралы NUR. KZ хабарлайды.
5/2 режимінде жұмыс істейтін жандар тамызда 10 күн демалады.
Құрбан айтты 21 тамызда, ал Конституция күнін – 30 тамызда тойлайтын боламыз.
Осыған орай, арнайы тағайындалған бұйрыққа сәйкес, сенбі, 25 тамыз - жұмыс күні боп жарияланып, қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалатын болады.
Яғни, 30-31 тамыз (бейсенбі және жұма), сондай-ақ, 1-2 қыркүйек - сенбі және жексенбі.
Жұмыс аптасы 3 қыркүйек күні - дүйсенбіде басталады.