ДЕНИС ТЕННІҢ АЛҒАШҚЫ МАХАББАТЫ
Қалың елдің қабырғасын қайыстырып кеткен Денис Теннің соңғы GAKKU TV арнасына берген сұхбаты жарық көрді. Ол сұхбатында спортшы өзінің алғашқы махаббаты жайлы айтқан.
"Ол кезде он үште едім. Ол қыз да мәнерлеп сырғанаумен айналысты. Менен кіші болатын. Оған хабарлама жазуды үйреткенім есімді. Солай екеуміз бес жылдай хат алмасатынбыз. Оған деген сезімім ерекше нәзік болды. Біз өскенде үйленеміз деген қиялыма сенімді болдым. Он алты жасымда оған қалай сөз салатыныма дейін бәрін жоспарлап қойғанмын. Ол он сегізге толғанда мен 21-де боламын. Сочи олимпиадасында жеңіске жетіп, оған қалай сөз салатыныма дейін елестеттім. Бұл алып-ұшқан ессіз сезім емес, саналы түрдегі сезім болатын. Қолымда баға жетпес байлық тұрғандай көретінмін. Онымен өмірлік тәжірибеммен бөлісіп, оның ойын жақсы жаққа тәрбиелеуге тырысатынмын."