«УАҚЫП» ҚОРЫ ИМАМДАРҒА АЙЛЫҚ ТӨЛЕЙДІ
«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынған тізімі бойынша, ең алғаш рет өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі молдаларға, ұстаздарға қаржылай қолдау көрсетуді бастады.
Ай сайын берілетін қаржылай көмектің орташа көлемі 50-60 мың теңге аралығында болып отыр.
Айта кетейік, елімізде 2563 мешіт бар. Оның басым бөлігі елді-мекендерде орналасқан. Ал республика бойынша 3800 дін қызметкері жұмыс істейді.
Бүгінде қор осы мешіттер арасынан 205 имамға көмек көрсетіп келеді, оның бесеуі Қызылорда облысының имамдары.